"Қазақ халқына мың да бір алғыс". Шерзаттың әпкесі үйлі болды

Талғарда төбелес кезінде ұлынан айырылған Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымованың отбасы баспанаға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желідегі парақшасында белсенді Димаш Қаматай баспанаға ие болған шаңырақта көпшілікке алғысын білдірді.

Бүгін қуанышты жаңалықты бөліскім келеді. Бүкіл қазақ халқы қолдап, жанашыр бауырларымыз ортақ іске үлесін қосып, қазір алты баланың батыр анасы және әкесі Перизат пен Айғазы үйлі болды. Сондықтан, қазақ халқына мың да бір алғыс айтқымыз келеді, – дейді ол.

Перизат та халқына алғысын айтты.

Перизат Нұрымова бұған дейін баспана алу үшін ақша жинап жатқанын растап, оның Қаржаубай Нұрымовқа қатысы жоғын мәлім еткен еді. Ол белсенді Димаш Қаматайдың парақшасы арқылы үндеу жариялаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы