Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды
Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталып, қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан командасы сапынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды.
Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түсті.
Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты ұтса, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді.
Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді.
Күміс жүлдегерлер қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Келесі жаңалық
Париж Олимпиадасы Қазақстан спортшылары үшін сәтті басталды
Өзгелердің жаңалығы