Қазақ білезігі сәнге айнала ма? Джей Лоның қазақша стилі әлемді сүйсіндірді
Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес Instagram-да Астанада өткен концерттің ұйымдастырушылары сыйлаған қазақ әшекейлерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Пост астындағы пікірлерде қазақстандықтар әншінің бейнесіне тәнті болып, әшекейлердің оған жарасатынын атап өтті. Сыйлық – алтыннан жасалған, асыл тастармен безендірілген білезік пен бес-білезік жиынтығы.
Ерекше ештеңе емес, тек Дженнифердің өзіміз сыйлаған алтын қазақ білезіктерімен түскен селфиі ғана, – деп әзілдеді Астанадағы концерт ұйымдастырушылары Threads-тегі парақшасында.
Instagram Stories-те Лопес Қазақстаннан алған тағы бір сыйлығын көрсетті. Ол қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы жасаған Джей Лоның портреті бейнеленген кілем. Әнші repost-қа "Love this" деп жазба қалдырды.
Мен @jlo портреті үшін ең әсерлі фотосуретті таңдадым, ал фонға Алматының көрікті жерлері мен тауларын бейнеледім. Символизм мен өткенмен байланыс кілемді ұлттық өнер үшін мінсіз материал етеді. Сол себепті мен портретті дәл кілемге салып, Қазақстаннан осындай есте қаларлық сый жасауды ұйғардым, – деп жазды суретші Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Джей Лоның концертіне шегіртке де "келгенін" жазған болатынбыз.