1 Наурыз 2026, 08:32
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақ балуаны Албаниядағы турнирде грек-рим күресінен алтын медаль еншіледі
Ол финалда 67 кг салмақта грузин балуаны Диего Чхиквадзені жеңді.
Мейіржан Шермаханбет Албанияның Тирана қаласында өткен халықаралық турнирде грек-рим күресінен жеңімпаз атанып, алтын медальге қол жеткізді. Ол финалда 67 кг салмақта грузин балуаны Диего Чхиквадзені жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Финалға дейін қазақстандық балуан үш жекпе-жек өткізді:
- 1/8 финалда эквадорлық Андреас Монтаноны жеңді.
- Ширек финалда әзірбайжандық Махаммад Шукирзадеден 4:0 есебімен басым түсті.
- 1/2финалда грузин Джони Хетсурианиді 3:1 есебімен жеңді.
Сонымен қатар, 63 кг салмақта өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов қола медальмен иеленді. «Қола» үшін күресте ол ирандық Али Нураейден басым түсті.
Қазақстандық балуандардың бұл жетістігі ел спортының халықаралық аренадағы мәртебесін тағы бір мәрте арттырды.
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026
- Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды 06.10.2026
- Астанада 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады 06.10.2026
- Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең ойнады 06.10.2026
- Көлік жүргізушілеріне ескерту: алдағы күндері жолдар тайғақ болуы мүмкін 06.10.2026
- Қар жауып, үсік жүреді: 7 қазанға ауа райы болжамы 06.10.2026