Қазақ әйелдері ақшаны қайда және қалай сақтайды?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) маркетинг және социологиялық зерттеулер институты “Elim” ұйымымен бірлесіп, қазақстандық әйелдердің қаржылық әдеттерін зерттеді.

Зерттеуге 18 бен 65 жас аралығындағы 1 980 әйел қатысқан. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 34%-ы банктерде жинақтары мен депозиттері барын айтқан. Оның ішінде 51,6%-ы қаражатты бірнеше банкке бөліп сақтайды.

Банк таңдауда әйелдер көбінесе келесі факторларға мән береді: Олар үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме, депозитті толтыру және қажет болған жағдайда ақшаны шешу мүмкіндігі , банктің беделі маңызды.

Сонымен қатар, мобильді қосымшаның ыңғайлылығы, бонустар мен кешбэк бағдарламалары да маңызды рөл атқарады. Салымшылардың басым бөлігі (81%) депозиттерін теңге түрінде сақтайды, бұл барлық жас топтарына тән үрдіс. Ал шетелдік валютадағы депозиттерді тек 21% әйел пайдаланады.

Қазақстандық әйелдер ақшаны не үшін жинайды?

• 30 жасқа дейінгі әйелдердің басты мақсаты – баспана алу (14%)

•  Әйлдердің 17% Қаржылық қауіпсіздік қоры үшін,  5% бизнес ашу үшін қаржы шинайды.

30 жастан асқан әйелдер де көбінесе үй сатып алу (12%) және қаржылық қауіпсіздік қоры (16%) үшін ақша жинайды.

Қызықтысы, әйелдердің 30%-ы депозит ашуға қоршаған ортаның үлгісі әсер еткенін айтқан. Ал банктік салымдары жоқ 12% әйел қаржысын бизнеске, жылжымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға және бағалы металдарға инвестициялайды.

Зерттеуге қатысқан әйелдердің көбі отбасылы, және жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар әйелдер. Олар сауда, қызмет көрсету, бизнес саласында және өндіріс, өнеркәсіп саласында жұмыс істейді.

Зерттеу қазақстандық әйелдердің қаржылық сауаттылығының артып келе жатқанын және ақшаны тиімді басқаруға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы