12 Қазан 2025 2025, 15:47 Фото: Qazaq Air

Qazaq Air ұшқыштары компания басшылығына үндеу жасады

Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар:

  • түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау,
  • командирлердің жалақысын көтеру,
  • екінші пилоттардың жалақысын көтеру
  • барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Көлік министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.