Qazaq Air ұшақтарының апатты жағдайларына қатысты түсініктеме берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында Qazaq Air әуекомпаниясына қарасты екі ұшақтың дөңгелегі істен шықты, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.


 

12 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да Qazaq Air әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейс ұшағымен авиациялық оқиға болды. Алдыңғы шасси тысының жарылуына байланысты әуе кемесінің ұшуы үзілді, жүріс 700 метрді құрады. Әуе кемесі тұраққа тіркеп сүйретілді. 13 ақпанда сағат  08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған Qazaq Air әуекомпаниясының басқа әуе кемесінің қонуынан кейін шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылуы анықталды. Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ,-делінген ИИДМ хабарламасында. 

 

Аталған авиациялық оқиғалар бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тарапынан тексерулер жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы