Қазанның соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 30-31 қазан күндері республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауады, таулы өңірлерде түнде жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын күтіледі.
Ел аумағында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Сонымен қатар күндізгі ауа температурасы біртіндеп төмендейді:
• Батыста +5…+10°С,
• Солтүстік пен орталықта +2…+10°С,
• Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +8…+17°С,
• Шығыста +8…+18°С шамасында болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы