Қазан айында ауа райы қандай болады
Айдың бірінші онкүндігінде республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі болжануда, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерімен жауын-шашынның тоқтауы болжанады.
Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендеуі күтілуде:
Республиканың батысында түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін;
Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін.
Елдің қалған аумағында ауа температурасының ауытқуы болжануда:
Оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін;
Оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан жылы ауа райы орнайды, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20+28°С-қа дейін жылынады.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің солтүстік жартысында барикалық құрылымдардың жиі алмасуымен ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда - жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, дегенмен фронттардың күшеюіне байланысты кей күндері жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде күтіледі.
Ауа температурасының ауытқуы болжануда:
Батыс аймақтарда түнде -2+6°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +3+12°С-қа дейін;
Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +3+10°С-тан -1-10°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан -2+5°С-қа дейін;
Оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде +3+11°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін.