5 Қазан 2026, 12:53 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысында соттың екі судьясы 9 жылға сотталды

Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьясы ірі мөлшерде пара алды деген айыппен ұсталған еді. Сот олардың ісі бойынша үкім шығарды.

2026 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, биылғы жылдың қаңтарында бұларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.