Қаза тапқандар бар: Техаста жеңіл ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың Техас штатында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC 13 арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 28 қыркүйекте Харрис округінің солтүстік-батысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 1972 жылы шығарылған қос моторлы Cessna 340 әуежайдан ұшып шығып, Лаббок қаласына бет алған. Ұшу кезінде техникалық ақау пайда болып, ұшқыш ұшақты қайта қондыруға әрекеттенгенімен, қону жолағына жете алмай, әуе кемесі апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында болған ер адам мен әйел оқиға орнында қаза тапты. Жергілікті шериф Эд Гонсалестің айтуынша, әуе кемесі жерге құлаған соң толықтай өртке оранған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнеткерлерге 30 мың теңгеден беріледі
Өзгелердің жаңалығы