Қаза тапқандар бар: Ливия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті
Ливияның шығысындағы Тобрук қаласының маңында Египет шекарасына жақын маңда мигранттар мінген қайық суға батып, кемінде 18 адам қаза тапты. Тағы 50-ге жуық адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқару қызметтері қазіргі таңда апаттан тірі қалған 10 адамның жеке басын анықтаған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз, алайда Ливия арқылы Еуропаға жетуге тырысатын заңсыз мигранттар саны соңғы жылдары күрт артқан.
Айта кетейік, бұған дейін, 2024 жылдың ақпан айында Панама жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 21 адамның ішінде 19-ы Венесуэла мен Колумбиядан шыққан қоныс аударушылар болған. Ол апатқа да қолайсыз ауа райы себеп болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы