Бүгiн 2026, 00:30
Қаза тапқандар бар: Германияда көлік адамдар тобына соғылды
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Германияның Лейпциг қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті Leipziger Volkszeitung порталының хабарлауынша, оқиға 4 мамыр күні қала орталығындағы Августусплатц алаңына жақын жерде болған. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған аймаққа бұрылып, аялдама маңында тұрған адамдар тобына соғылған.
Буркхард Юнгтің мәліметінше, апат салдарынан екі адам көз жұмды. Сонымен қатар, шамамен 20 адам түрлі жарақат алған.
Кейін белгілі болғандай, оқиғаға күдікті жүргізуші ұсталған. Қалалық полиция оның қамауға алынғанын және қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.