Қайырымдылық қорлары көбіне кімдерге көмектесетіні белгілі болды
Қор санының өсуі – олардың қоғамға қажеттілігі мен маңыздылығының көрсеткіші, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының I қорытынды конференциясында айтты.
Өткен жылы Қазақстанның қоғамдық даму институтының «Қайырымдылық пен донорлық жүйесі» атты жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде сұратылғандардың 90%-ы қайырымдылық жасауды қолдайтындарын білдірді.2021 жылғы Қазақстандық қоғамдық даму институты өткізді, 17 өлке және 1200 респондент қамтылды, - деді Қадыров.
Оның айтуынша, зерттеудің аясында әрбір сұралған екінші азамат (46%) адамдар өз мүмкіндіктеріне қарай қайырымдылықпен айналысуға тиіс деп есептейді.
Сұратылдардың 37%-ы тұрақты қайырымдылық жасайды, ал респонденттердің 24%-ы жарты жылда бір рет, 20%-ы жылына бір рет тұрақты негізде қайырымдылық ұйымдарына ақша аударуға дайындықтарын білдірді. Осындай белсенділер еліміздегі қайырымдылықтың негізгі қозғаушы күші деп есептеуге болады, - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, қайырымдылық ұйымдардың саны соңғы 2 жылда 20%-ға өсіп, қазір 1 мыңнан асты.
Қор санының өсуі – олардың қоғамға қажеттілігі мен маңыздылығының көрсеткіші.Ірі қайырымдылық қорларының әлеуметтік жұмысының ауқымы өте кең.Қолда бар ақпараттарға сәйкес, соңғы жылдары қайырымдылық көрсетудің басым бағыттары жетім балаларға көмектесу (54,31%) және ауыр сырқаты бар балаларға көмектесу (48,8%), - деді ол.