Қайтыс болған адамдар да емханада тіркеуде тұрған

Мұндай заңсыздықты прокурорлар Астана қаласы Сарыарқа ауданына қарасты денсаулық сақтау ұйымдарын тексеру барысында анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұдан бөлек, азаматтардың жасы бойынша міндетті скринингтен өтпегені және балалардың профилактикалық тексеруден өтпегені де белгілі болды. Сондай-ақ, созылмалы ауруы бар пациенттерге, дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізбеген.

Қалалық прокуратура таратқан ақпаратта "тексеру нәтижесінде 12 жарым мың азаматтың құқы қорғалды" делінген. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы