Қайтарылған активтер: Шымкентте арнайы колледж жатақханасы салынып жатыр
Шымкент қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар білім алатын колледж жатақханасының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, бұл әлеуметтік нысан 300-ге жуық сөйлеу және т.б. кемістігі бар оқушыларды заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған медицина кабинеті, спортпен жаттығу, тынығу бөлмелері және т.б. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Жобаны осы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық Білім басқармасына пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда.
Халықтың өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін жайлы жағдай жасау мақсатында қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда өтетін Қазақстан-Ресей форумына дайындық жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы