Қайтарылған активтер: Өскемендегі Гематология орталығының құрылысы қашан бітеді?

Мемлекет басшысы төртінші рет өткен Ұлттық құрылтай отырысында Өскемен қаласында Гематология орталығының құрылысын жеделдетіп аяқтау туралы тапсырма бергені белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сол мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан қомақты қаражат та бөлінді.

Орталықтың құрылысы бүгін қай деңгейде? Медициналық мекеме қашан пайдалануға беріледі?

Осы сұрақты өңір әкімдігіне жолдадық.

Өскемен қаласындағы Гематология орталығы жалпы құны – 71,3 млрд теңгені құрайтын жоба. 2025 жылға дейін – 37,7 млрд теңге игерілді. ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 27 қаулысына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлінді. Нысанның дайындығы – 80%. Еден құрылысы, есіктерді монтаждау, әрлеу жұмыстары: армстронг төбесі, ГКЛ төбесі, электр монтаждау жұмыстары, құрылымдық кабельдік жүйені монтаждау, автоматиканы монтаждау, желдетуді монтаждау, сантехникалық жұмыстар орындалды, - деп жауап берді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі редакцияның сауалына.

Белгілі болғандай, ғимараттың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Пансионаттың жай-күйі: корпус тұрғызылды, әрлеу жұмыстары және жабдықтармен жабдықтауға дайындық жүргізілуде. Сондай-ақ қоршау салу жұмыстары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2025 жылғы желтоқсан, - деді әкімдіктен.

Айта кетейік, біз бұған дейін Ақтөбе қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше балаларға арналған балабақша салынып жатқаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы