Қайтарылған активтер: Алматыда сумен жабдықтау жүйесі жаңаруда
Қазақстанда қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып жатыр. Оның ішінде Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша жалпы сомасы 9,1 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы министрлігінің редакция сұрауына берген жауабында жобаларды іске асыру мерзімі 2025 жыл екені айтылған.
Жобалар мына аудандарда жүзеге асырылады:
Алатау ауданы – 2 жоба:
• Боралдай шағын аудандағы су құбыры мен кәріз тарату желілерінің құрылысы – 1 миллион теңге.
* Ақбұлақ шағынауданындағы су құбыры мен кәріз тарату желілерінің құрылысы (2-кезең) – 606 576 теңге.
Әуезов ауданы – 2 жоба:
• Саин, Шаляпин, Яссауи, Жандосов көшелерінің квадратында су құбыры мен кәріз тарату желілерінің құрылысы, құрылыстың 1- кезегі – 1 миллион теңге.
• Саин, Шаляпин, Яссауи, Жандосов көшелерінің квадратында су құбыры мен кәріз тарату желілерінің құрылысы, құрылыстың 2- кезегі –1 миллион теңге.
Медеу ауданы – сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысына 2 жоба:
• Рысқұлов даңғылы – Халиуллин көшесі – Волочаевская көшесі – Құлжа тас жолымен шектелген аумақ – 1 338 105 теңге.
• Шығыс айналма жолы – Халиуллин көшесі – Таиров көшесі – Шақшақ Жәнібек көшесімен шектелген аумақ – 1 169 780 теңге.
Наурызбай ауданы – 2 жоба:
• Ақжар шағынауданында сумен жабдықтау және су бұру тарату желілерінің құрылысы (2-кезең) – 1 181 365 теңге.
• Қарағайлы елді мекенінде су құбыры желілерін реконструкциялау мен кәріз желілерін салу (1-кезең) – 675 702 теңге.
Түрксіб ауданы – 1 жоба:
• Қайрат шағынауданында сумен жабдықтау және кәріз тарату желілерінің құрылысы (2-кезең) – 1 092 068.