«Қайсар» футбол клубы қанша қарыз және оны кім өтейді?

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сенімгерлік басқаруға берілген «Қайсар» футбол клубының қарызы туралы сұрақ қойылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қарыздар 2019-2020 жылдан бері келе жатқан қарыздар. Қазір сенімгерлік басқарымға берілді. Ол кәсіпкер қарыздарды жақын арада толықтай жабады, - деді әкім.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша кейбір қарыздар тексеруді қажет етеді.

Барлық қарыздар жалақыға негізделген қарыздар емес. Кейбір қарыздар кезінде шетелге барғанда қонақүйге, жарыстарды ұйымдастыру барысындағы кәсіпорындарға жүргізілген төлемдер бойынша әлі де зерделенетіндей болып тұр. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Егер анықталса, жауапты кәсіпорын төлейтін болады, - дейді Нәлібаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы