«Қайраттың» сапынан тағы бір футболшы кетті

Микаэль Аскаров «Қайрат» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Қайрат» футбол клубы Instagram-дағы парақшасында спортшының не себепті кеткеніне қатысты түсініктеме берді.

Микаэль Аскаров «Қайраттан» кетті. 21 жастағы қорғаушымен жасалған келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Микаэльге алдағы мансабында сәттілік тілейміз!, - делінген клуб таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін  «Қайрат» Антон Крачковскийдің клубтан кететінін, мансабын «Динамода» жалғастыратынын мәлім еткен еді.  Крачковский «Қайрат» сапында 2022 жылдың басынан бері ойнады. Ол «сары-қаралар» құрамында жалпы 55 матч өткізіп, 1 гол салып, 7 нәтижелі пас берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/f.c.kairat
Өзгелердің жаңалығы