«Қайраттың» ардагері «Астананың» директоры болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды. Бұл туралы «Астана» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл лауазымға «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының шешімімен белгілі қазақстандық маман Михаил Гурман тағайындалды.
Михаил Ильич 1953 жылы 8 тамызда Душанбеде (Тәжікстан) дүниеге келген. Ффутболшы ретінде Қызылорданың «Орбита», Алматының «Қайрат», Павлодардың «Ертіс», Қарағандының «Шахтер» және Талдықорғанның «Жетісу» командаларында ойнаған. Сондай-ақ Қазақстан клубтары сұрмергендерінің G100 клубы құрамына енген.
Функционер ретінде Қазақстан кәсіби футбол лигасының директоры, Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ән шығарсақ, таңертең-ақ 10 млн қаралым... Мен әлі мұндайды көрмедім – Игорь Крутой Димаш туралы
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы