«Қайрат» жолдастық матчта «Зенитпен» тең түсті
Бүгін Алматыда «Қайрат» пен санкт-петербургтік «Зенит» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Матч басталғанынан небәрі сегіз минут өткенде «Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло матчта есеп ашқанымен, командалар үзіліске 1:1 есебімен кетті - ресейлік клубтың жартылай қорғаушысы Александр Ерохин 35-минутта гол соқты. Екінші таймда Офри Арад қазақстандықтарды алға шығарғанымен, бразилиялық «Зенит» ойыншысы Густаво Мантуан матч соңында гол соғып, матч 2:2 есебімен аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада 5000-ға жуық жасыл желек отырғызылады
Өзгелердің жаңалығы