Қайрат Сатыбалдыұлына ісі бойынша сот үкімі жарияланды
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шықты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Үкім бойынша Қайрат Сатылбалдыұлы алты жылға сотталды.
Сатыбалдыұлы 28-батың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы, 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов үкімді оқыды.
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды.
Сонымен бірге президентке Сатыбалдыұлының ұлттық қауіпсіздік органының генерал-майор шені мен «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыру туралы үсыныс енгізілсін, - деп қосты судья.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы