Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған ақшасы қайда жұмсалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қайрат Сатыбалды мен басқа да жемқорлардың мемлекетке қайтарған активтері қайда жұмсалғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Антикор өкілінің айтуына қарағанда, Қайрат Сатыбалдының және басқа да жемқорлардың активтері әлеуметтік жобаларға бағытталған.
Кеше қайтарылған қаражат мектеп құрылысына бөлінгенін көрдім. Ұлытау облысы, Қаражал қаласындағы мектеп құрылысы. Мен де есептей бастадым: Қаражал қаласында 27 мың студент бар. Оның үстіне облыс осыдан 2-3 жыл бұрын құрылған. Жаңа мектеп қажет, сыныптарда балалар толып отыр. Сонымен қатар, қазір Ақмола облысының Зеренді қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар, - деді Сарқұлов Мәжіліс куларында.
Сөзінше, Түркістан облысында өнер мектебі салынбақ. Сондай-ақ ол атағандай, осыдан бір апта бұрын БАҚ-та жаңадан жедел жәрдем ғимараты салынатыны жайлы ақпарат тарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қабылдады
Өзгелердің жаңалығы