Қайрат Сатыбалды осы уақытқа дейін мемлекетке қанша ақша қайтарды?

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствода өткен брифингте Антикордың ресми өкілі осы уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қанша қаржы қайтарғанын айтты.

2022 жылдан бері жалпы мемлекетке 1 триллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 миллиард теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда болған кезде қонақүй сатып алды деген мәселеге қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі қарап, нақтылау керек, - деді Арман Тілеукенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін 8 ақпанда Антикор Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс аясында тағы 44,6 млрд теңге қайтарылғанын айтқан еді. 2022 жылы қыркүйекте кәсіпкер 6 жылға сотталды.  

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы