Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған бірінші президенттің жиені Қайрат Сатыбалды бүгін бостандыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Себебі сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырған болатын.

Қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді ол Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.

Түрмеден оны шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, халық пен президенттен кешірім сұраған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы