Қайрат Сағадиев: Балуан қыздарымыз әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Албанияның Тирана қаласында өтетін олимпиадалық емес салмақтардағы әлем чемпионатына дайындалуда. Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сағадиев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы маусым аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарына қатыса алмадық. Десе де, еңсемізді түсірмей, барлық қателікті жөндеуге тырысып жатырмыз. Алда олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді. Бүгінде Албанияның Тирана қаласында өтетін әлем біріншілігіне команда жасақталып жатыр. 11-28 қыркүйек аралығында Алматы облысында жалпы дене жаттығуы бойынша жиын өткіземіз, - деді Сағадиев.

Айта кетелік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 28-31 қазан аралығында Албанияның Тирана қаласында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы