"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына қанша турист келеді
Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр «Қайрат» стадионының УЕФА-ның 4-санатты стандартына сай екенін атап өтті.
Бізде алаң толық дайын. Қала да туристерді қабылдауға әзір. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматыда 30 мың орындық жаңа стадион салынады. Бұдан бөлек, 7 өңірде стадион құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Биыл күзде, қыркүйек айында, УЕФА-ның 3-санатты алғашқы стадионы Қызылордада пайдалануға беріледі. Ал қалған 5 өңірде жер учаскелерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты тапсырмалар бар, бұл жобалар міндетті түрде жүзеге асады, – деді Мырзабосынов.
Министр қалаға келетінін турист санын да айтты.
Бүгінгі күні арнайы УЕФА-ның да стандарттары бар. Келем деген адам келе бермейді. Арнайы квотасы бар. Ол квота 4 мыңға жуық екені айтылып жатыр. Ол сан нақтыланады,- деді министр.