Қайрат Рахымов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген.
2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.
2015 жылдан 2020 жылға дейін — Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Испанияда дауыл салдарынан 2 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы