Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
17 маусым күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 шілдесіне дейін. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына қабылданған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы