22 Сәуір 2022 2022, 13:30

Қайрат Құдайберген халықты «Дикий Арманның» маңына жиналуға үгіттеген – Прокуратура

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы прокуратурасы кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты түсінік берді.

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы прокуратурасы кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты түсінік берді.

Веомствоның мәліметінде,  21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатыстыдеген күдікпен 25.12.1983 жылы туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстағандары айтылады.

Ұсталған Қ.Қ. Құдайберген Алматы қаласы Полиция департаментінің УҰИ-на қамалынған.

Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» деп аталатын) бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Джумагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды,-делінген хабарламада.  

Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты.  

Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады,-делінген хабарламада.