"Қайрат" – "Пафос" матчы: Полиция мәлімдеме жасады

Алматы полициясы "Қайрат" – "Пафос" ойыны қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полицейлер "Қайрат" – "Пафос" командалары арасындағы халықаралық футбол матчы кезінде жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен тәртіпті қамтамасыз етеді.

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау мен трибуналардағы бақылаудан бастап, спорт нысаны маңындағы жол қозғалысын реттеуге дейінгі барлық бағытта жұмылдырылады.

Сондай-ақ матч кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты полиция өкілдері қала қонақтары мен тұрғындарын өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Алматы полициясы футбол кешінің тыныш әрі жайлы өтуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр. Мұндай іс-шаралардағы қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына ғана емес, азаматтардың жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен өзара ынтымақтастық танытуды сұраймыз, – деді Алматы қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Айта кетелік, "Қайрат" – "Пафос" матчы 21 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен сағат 21:45-те басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Қайрат" ФК
Өзгелердің жаңалығы