Қайрат Мәми Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Түркия Республикасының Қазақстандағы жаңа тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экинджиді қабылдады.    

Елшіні оның дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, осы маңызды миссияда табыс тілеп, Қ. Мәми Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктес болып табылатынын және түрлі салаларда табысты өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті. Жалпы түрік интеграциясын тереңдетудегі мемлекеттердің бірлескен күш-жігеріне ерекше назар аударылды.   

Конституциялық Кеңестің Төрағасы екі елдің конституциялық бақылау органдары арасындағы екіжақты форматты да, сондай-ақ, Конституциялық Кеңес төрағасы болып табылатын Азиялық Конституциялық соттар мен баламалы институттар қауымдастығы шеңберінде де өзара іс-қимылдың жемісті дамуын ерекше атап өтті.

Қорытындылай келе, Қ. Мәми қонақты 2020 жылғы 27-28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының кезекті IV Конгресінің өтетіні туралы хабардар етіп, оны осы іс-шараға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, У. Экинджи жылы қабылдағаны және шақырғаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың келешегіне сенім артатынын білдірді.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы