Қайрат Мәми еліміздің адам құқығын қорғау саласындағы бастамалары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл тууралы Конституциялық кеңес  төрағасы Қайрат Мәми «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференциясында айтты. 

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл және Қазақстанның Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясына қосылғанына 10 жыл толып отыр. 

Қазіргі таңда Қазақстанда ұйым нәтижелі түрде жұмыс істеп жатыр, БҰҰ-ның басқа да құрылымдары нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бағдарламадан басқа адам құқығын қорғау саласында біздің ұлттық құқықтық жобамыз жүзеге асырылып жатыр. Жалпы Коснтитуциялық кеңестің қорытынды шешімдерін жүзеге асыру кезінде халықаралық  актілердің қағидалары қабылданған, - деді ол. 

Қайрат Мәми атап өткендей, адам және бала құқығын қорғау конвенциялар жұмыс істейді. 

Қазақстанның Венеция конвенциясындағы бақылаушы мәртебесі 1998 жылдан басталды. 2012 жыл оның құқықтық мүшесі ашылды. Оның негізгі мақсаты – адам құқығы мен демократиясын дамыту. Комиссия бірнеше жылдан бері Қазақстанды сарапшылармен қамтамасыз етеді, - деді Мәми.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның БҰҰ және Венеция комиссиясымен жемісті ынтымақтастығының нәтижелері мен жетістіктерін, сондай-ақ құқық үстемдігін орнату мәселелерінде одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы