6 Қараша 2026, 06:50 Фото: «Қайрат» футбол командасы

«Қайрат» Италияда «Аталантамен» тең түсті

«Қайрат» келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді.

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италияның «Аталанта» командасымен тең түсті. Бергамода өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстандық клуб 53-минутта есеп ашты. Гол авторы – Марк Гуаль. Ал алаң иелері 82-минутта Никола Крстовичтің голының арқасында есепті теңестірді.

Осылайша, «Қайрат» турнирдің биылғы кезеңінде екінші ұпайына қол жеткізді. Команда жалпы кезеңдегі күресін жалғастырып жатыр.

Кездесудегі тағы бір маңызды жаңалық – алматылық клубтың бас бапкері Жора Арутюнянның рекорд орнатуы. Ол 34 жасында еурокубоктарда команда жаттықтырған ең жас қазақстандық бапкер атанды.

Бұған дейінгі рекорд Григорий Бабаянға тиесілі еді. Ол 2018/19 жылғы маусымда «Астана» командасын Еуропа лигасында жаттықтырған кезде 38 жас төрт айда болған.

«Қайрат» келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады.