"Қайрат" футболшылары қысқы матчтарды Астанада өткізуі мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория “Қайрат” футбол клубының матчтарын Астанаға көшіру мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, клуб басшылығы бұл мәселе бойынша УЕФА-ға ресми өтініш жіберген.
Климаттық жағдайларға байланысты бұл әлдеқайда қолайлы шешім болар еді. Сонымен қатар, мұндай жағдайда матчтарға көбірек жанкүйер қатыса алады, өйткені елдегі ең үлкен стадион – Астанада, – деді Лория.
Айта кетейік, алматылық “Қайрат" командасы кеше Италияға аттанды. Онда 6 қараша түні УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында жергілікті “Интерге” қарсы ойын өткізеді.
Ал қысқы кезеңдегі өз алаңындағы матчтарда "Қайрат" гректік "Олимпиакоспен" және бельгиялық “Брюгге" клубтарымен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді
Өзгелердің жаңалығы