"Қайрат" – "Брюгге" матчына билеттер қанша тұратыны белгілі болды
Матч 20 ақпанда "Астана Арена" стадионында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында Астанадағы "Астана Арена" стадионында өтетін "Қайрат" – "Брюгге" матчының билеттері сатыла бастады.
Билеттерді тек Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобилді қосымшалары арқылы алуға болады және билет сатып алуда келесі талаптарды ескеру қажет:
- бір пайдаланушы 2 билеттен артық сатып ала алмайды;
- төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады.
Қосымшадағы мәлімет бойынша, билет құны 15 мың теңгеден басталады.
Билет сатып алу кезінде қолданушы ЖСН, мобильді телефон нөмірін және электронды пошта мекенжайын енгізуі тиіс.
Тәртіп бойынша, билет иесіне SMS-хабарлама матч күні жіберіледі. Сондай-ақ көрсетілген e-mail-ге QR-билет сілтемесі жолданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мектептер қазақстандық электронды журналға көшіп жатыр
Келесі жаңалық
АҚШ пен Украина 800 млрд долларлық келісімге қол қояды
Өзгелердің жаңалығы