Қайрат Боранбаев түрмеден шықты
Мемлекетке келтірілген шығынды өтеген кәсіпкер Қайрат Боранбаев түрмеден шықты. Бұл туралы 6 қарашада Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қылмыстық-атқару кодексінің 5-тармағы 165-бабына сәйкес жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату тиісті құжаттар келіп түскен күні, ал егер құжаттар жұмыс күні аяқталғаннан кейін келіп түскен болса, келесі күні таңертең жүзеге асырылады.
Биыл 6 қарашада Қайрат Боранбаев түрмеден босатылды, - делінген ҚАЖК хабарламасында.
Бас бостандығынан айырылған адамдар Қылмыстық-атқару кодексінің 13-тарауына сәйкес, оларға пробациялық бақылау жағдайында жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді.
65-бапқа сәйкес, бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған сотталған адам қамаудан босатылады және бюджет қаражаты есебінен жазасын өтеу орнына өз бетінше барады, - делінген хабарламада.
Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ “газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды” деген айыппен кінәлі деп танылып, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сонымен қатар 14 қыркүйек күні ҚМА Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарғанын айтқан болатын. Кейін Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шаралары қабылданып, жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Кейін тағы тағы мемлекетке 30 млрд теңге қайтарды.
Қазан айынды мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті. 19 қазан күні Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынатыны айтылған болатын.