«Қайрақ» өткізу пунктінің жұмысы қайта жанданды
Бір аптадан бері Ресейдің «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол жөндеу жұмысы жүргізілгендіктен мемлекеттік шекараны кесіп өтудің өзге жолдары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылғы 21 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей Федерациясының «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол жөндеу жұмысы жүргізілетіні жайында хабарлады.
Осы ретте, Қостанай облысы арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің өзге жолдары ұсынылған болатын. Қазіргі уақытта ресейлік тараптың ақпаратына сәйкес «Бугристое» өткізу пунктінде жоспарлы алғашқы жол төсемін салу жұмысы аяқталғаны және өткізу мүмкіншіліктеріне кері әсері жоқтығы жеткізілді. «Қайрақ» (ҚР) және «Бугристое» (РФ) автокөліктік өткізу пункттері қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде цехта болған өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы