«Қайрақ» бекетінде кептеліс жоқ - Кірістер департаменті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайрақ» АӨП-да ауыр жүк машиналарының жиналуына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ауыр жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат жарияланған.
Жүргізушілердің сөзінше, жиналу себебі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысынан болып табылады. Сондай-ақ, жүргізушілер Ресей Федерациясына қарай бейтарап жолақтың бос екенін және онда кептеліс жоқ екенін хабарлайды.
Өз кезегінде, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іс жүзінде Ресей Федерациясына қарай бейтарап жолақтың 13 сағат ішінде толығымен автокөлік құралдарымен толтырылғанын хабарлайды, - деді ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі.
Тиісті бейнені Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынды.
Экспорттық бақылау қызметкерлерінің алдында кезек жоқ екенін айта кеткен жөн.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР ҚМ Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, жиналуға жол бермеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізушілер мен СЭҚ қатысушыларын ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырады және жұртшылықты тарта отырып, автокөлік өткізу пунктінде хронометраждық тексерулер жүргізуге дайын екендігін білдірді.