Қайғылы жағдай: Қырғызстанда демалыста жүрген қазақ боксшысы көз жұмды
Қазақстан боксында қайғылы оқиға болды. Жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ибрахим Ирисматов 2003 жылы туған. Бұл туралы Kozachkov offside арнасы жазды.
Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.
Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада екі көше қиылысында жөндеу жүргізіледі
Өзгелердің жаңалығы