Қайғылы оқиғадан сабақ алуымыз керек – Тоқаев «қасіретті қаңтар» туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзінде айтты.
Президент өз сөзінде Қазақстан қаңтар айының алғашқы күндері қатты сілкініске ұшырағанын еске салды.
Біз конституциялық тәртіпті, мемлекет негіздерін, елдің тұтастығын, халық бірлігін бұзуға және сайып келгенде, билікті басып алуға бағытталған мұқият жоспарланған шабуылға тап болдық. Азаматтарымыздың бірлігі, ынтымағы, ерлігі, сана-сезімі арқасында мемлекеттігіміздің жойылуына жол бермедік, бұдан да көп қантөгіске жол бермедік. «Қасіретті қаңтар» біз үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды, - деп айтты Тоқаев.
Президент атап өткендей, біз қоғамның кемелдігі мен мемлекеттің төлем қабілеттілігі емтиханын сәтті тапсырдық.
Бірақ біз бұл оқиғалардың барлық себебі мен салдарын терең талдауымыз керек. Біз бастан өткерген қайғылы оқиғадан сабақ алуымыз қажет, - деді ол.