"Қайда екені белгісіз". Қарағандыда балалар үйіндегі бүлдіршін жоғалып кеткен

Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокуратура кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық жасады. 

Мектеп жасындағы бала "Отбасының цифрлық картасында" мектепке бармайтын оқушы ретінде тіркелгені анықталды. Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы "Пионерский" балалар үйіне жіберілген. Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады, - делінген Қарағанды облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Айта кетейік, қазір Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы