Қай өңірдің оқушылары БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды
Республикалық ақпараттық штабта Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы қай облыстардың оқушылары емтихан тапсырмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, педагогтерді қолдау мақсатында Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін аттестаттаудан өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
Еліміздің 42 мектебінде Білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейтін болды. Ақтөбе және Атырау облыстарының барлық білім алушылары үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді, - деп айтты Мереке Амангелдіқызы брифингте.
Министрліктің ресми өкілі әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдармен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданатынын еске салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы