Қай өңірдің халқы коронавирусты көп жұқтырған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күлайым Біржанова мәлімдеді.

21 шілдедегі жағдай бойынша республикада коронавирус инфекциясы бойынша стационарлық көмекті 176 инфекциялық аурухана көрсетіп жатыр. Стационарларда 4 184 төсек-орын бар, оның толуы 28%-ға тең.  Реанимациялық төсек-орындарды жүктемесі 542 төсектің 35-ін, яғни 6%-ды құрап отыр. Инфекциялық төсектер Нұр-Сұлтан қаласында 49%-ға, Алматыда – 46%-ға, Жамбыл облысында – 43%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 40%-ға толы. Ал реанимациялық төсек-орындардың  көп жүктемесі елордада – 21%, Жамбыл облысы – 20%, Қызылорда облысында – 14%-ды көрсетті, - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ол жансақтау бөліміне түскен адам санына тоқталды.

Реанимация бөлімшелерінде коронавирус диагнозымен 35 пациент жатыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бір апта ішінде пациенттердің саны 1,9 есеге артқан. Жансақтау бөліміне түскен 35 адамның ішінде олардың 8,6%-ы – 3 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен, 6 адам инвазивті емесе өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстауда, - деді ведомство өкілі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы