Қай өңірде жұмыс бір сағатқа ерте аяқталады
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжілісте уақыт белдеуіне қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тәжірибе көрсеткендей, өңірлердің басым бөлігі уақыт белдеуінің айтарлықтай кері әсері жоқ екенін айтып отыр. Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындарға, жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған, - деді Үкімет мүшесі.
Оның сөзінше, кейбір өңірлерде, әсіресе шығыста адаптация процесі жалғасып жатыр.
Тұрғындарға тиімді болуы үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, 17:30-ға қарай аяқталатын болды. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар жеке басына, отбасына, балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр, - деп түсіндірді Ермек Көшербаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Парламент уақыт белдеуіне қатысты сұрақты жан-жақты қараған.
Кеше ғана фракция отырысы өтті. Ол жерде ортақ пікір қалыптасты, - дейді Көшербаев.