Қай өңірде үйленбеген жігіттер көп

Ұлттық статистика бюросы үйленбеген және тұрмыс құрмаған қазақстандықтар туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше 2021 жылғы халық санағының қорытындысы туралы мәліметтерді ұсынды.

Белгілі болғандай, бұрын-соңды үйленбеген ер адамдар әйелдерге қарағанда көп: 1 миллион 959 мың 771 ер адам және 1 миллион 826 мың 62 әйел.

Үйленбеген және тұрмысқа шықпаған қазақстандықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады екен, мұнда 254 мың 114 басы бос ер адам болса, 227 мың 341 әйел бар екен.

Қалыңдық пен күйеу жігіттер саны бойынша екінші орында Алматы облысына тиесілі, онда 223 мың 337 үйленбеген ер адам, 194 мың 807 қыз бар.

үйленбеген ер адамдар Атырауда аз екен – 59114, ал тұрмыс құрмаған қыздар Солтүстік Қазақстан облысында аз екен – 45 839.

Астанада 119 457 үйленбей жүрген жігіт болса, тұрмыс құрмаған 114 306 қыз тұрады.

Алматыда 188 962 жігіт үйленбей жүрсе, 229 697 қыз тұрмыс құрмаған.

Шымкентте 119 979 жігіт, 131 386 әйел.

Басқа аймақтар бойынша басы бос қазақстандықтардың статистикасы төмендегідей болды:

Ақмола облысында 73 148 ер адам, 60 981 әйел;
Ақтөбе облысында 76 332 ер адам, 68  326 әйел;
Атырау облысында 59 114 ер адам, 55 682 әйел;
Батыс Қазақстан облысында 64 262 ер адам, 51 544 әйел;
Жамбыл облысында 133 765 ер адам, 113 853 әйел;
Қарағанды ​​облысында 144 119 ер адам, 136 660 әйел;
Қостанай облысында 82  892 ер адам, 65 676 әйел;
Қызылорда облысында 88 60 ер адам, 64 986 әйел;
Маңғыстау облысында 74 394 ер адам, 68 082 әйел;
Павлодар облысында 69 025 ер адам, 57 328 әйел;
Солтүстік Қазақстан облысында 60 144 ер адам, 45 839 әйел;
Шығыс Қазақстан облысы 128 667 ер адам, 109 568 әйел.

Барлық облыс пен қалаларда үйленбеген жігіттерге қарағанда, тұрмыс құрмаған қыздар аз.

Тек Алматыда тұрмыс құрмаған қыздар (229 697) үйленбеген жігіттерге қарағанда (188 962 адам) артық.

Айта кетейік, халық санағы 2021 жылы жаңа Абай, Жетісу және Алытау аймақтары әлі пайда болмаған кезде жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы