Қай өңірде қылмыс көп жасалатыны анықталды
Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде көп қылмыс жасалатын өңір анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде қылмыс 5,3%-ға азайған.
Қылмыс деңгейі Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.
Ең көп қылмыс Алматы– 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% - ұрлық (30 593), 6,3% - есірткі қылмысы (8 363), 1,2% - тонау (1 551), 1,2% - бұзақылық (1 615), 0,8 % - мал ұрлығы (1 051), 0,4 % - адам өлтіру (566), 0,3% - зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462). Онша ауыр емес қылмыстар -7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар - 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр - 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады,-деді ведомство.
Сонымен қатар, ұрлық - 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы - 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы - 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы - 42,2%-ға (258-ден 149) төмендеген. Сондай-ақ мал ұрлығы да - 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайған.