12 Мамыр 2025 2025, 15:23
Фото: pixabay.com
Қай өңірде орташа жалақының өсімі жоғары?
Ұлытау және Қостанай облыстары мен Алматы орташа жалақының өсімі бойынша көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау және Қостанай облыстары мен Алматы орташа жалақының өсімі бойынша көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.
Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.