Қай өңірде алаяқтық көп жасалады
Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30% -ды құрайды.
Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:
Алматы (қ) - 6742,
Астана (қ) - 5358,
Қарағанды облысы - 2590,
Шымкент (қ) - 1921,
Алматы – 1836,
Ақтөбе -1334,
Атырау -1319,
Қостанай -1311,
Павлодар -1244,
Шығыс Қазақстан -1243 облыстарында тіркелген.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде:
Ерлер – 15603,
Әйелдер - 19020
Сондай-ақ :
Кәмелетке толмағандар - 102,
Мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар - 291,
Зейнеткерлер -1714,
Мүгедектер – 8.
Интернет-алаяқтық фактілері 1,5% - ға төмендеді.
Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% - ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт орын алған.
Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға аз.
Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында.